Еңбек күніне / День труда
Жыл сайын еліміз қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күнін тойлайды. 2013 жылдың қарашасында бекітілген мереке өндіріс саласының беделін өсіріп, ел игілігі үшін бағытталған ортақ жұмыстың маңыздылығын насихаттауды көздейді.
Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев әлемдегі өмір сапасының жоғары үлгісіне жету мүддеге сай еңбекті талап ететінін белгілейді. Елбасының бұл бағыттағы көзқарасы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында көрініс тапқан.
Тәуелсіз Қазақстан – еңбек мектебінің негізін қалаған ел әулеттерінің отыз жылдық ұмтылысының жемісі. «Қазақстанның даму жолында күш-жігерін жұмсап, жетістікке жеткен барша еңбек адамдарына лайықты құрмет білдіреміз. Әсіресе, ардагерлерімізге айырықша алғыс айтамыз. Еңбек – бәрін жеңбек. Әрбір еңбек бағалы! Біз еңбекқор ұлт болуымыз керек!», — деді мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев.
Еңбек күні қарсаңында мемлекеттің әлеуметтік жаңғыруына үлес қосып келе жатқан азаматтардың еңбекқорлығын дәріптеу мақсатында Елбасының кітапханасы арнайы бейнеролик дайындады.
День труда отмечается в Казахстане ежегодно в последнее воскресенье сентября. Дата, учрежденная в ноябре 2013 года, призвана возродить традиции уважения к рабочим профессиям и осознание важности всеобщего труда, в котором старания каждого человека направлены на благо целого народа.
Настоящий человеческий труд был и остается единственным инструментом достижения высших благ мировой цивилизации. Об этом в своей программной статье «Социальная модернизация Казахстана: Двадцать шагов к Обществу Всеобщего Труда» от 10 июля 2012 года сказал Первый Президент Казахстана Н.А. Назарбаев.
Независимый Казахстан – это три десятилетия упорных стремлений и высоких достижений казахстанцев, заложивших основу трудовой школы страны с прославленными семейными династиями.
«Мы воздаем должное нашим труженикам, усилиями которых Казахстан достиг успехов в своем развитии. Особая благодарность нашим ветеранам. Терпение и труд все перетрут. Всякий труд в почете!», – сказал Глава государства К.К. Токаев.
В канун Дня труда Библиотека Елбасы подготовила видеоролик, цель которого – продвижение идей и инициатив о трудолюбии, уважении и почете трудящихся, вносящих огромный вклад в социальную модернизацию государства.
Leave a reply →